Кәсіпкерлерді алдаған алаяқтар тобының мүшесі Швециядан экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы кәсіпкерлерді алдап, олардың 30 мың долларын жымқырмақ болған алаяқтар тобының мүшесін Швециядан елге экстрадициялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
2019 жылы тамызда Алматыда өздерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауапқа тартамыз деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған.
Олардың жолын кесу кезде біреуі жасырынып үлгеріп, халықаралық іздеу жарияланған.
Қазақстан тарапының өтінішімен оны Швеция құқық қорғау органдары Стокгольмде ұстады.
Күдікті Қазақстанға ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен жеткізіліп, Астана тергеу изоляторына қамалды.
«Аталған қылмысты жасағаны үшін осыған тектес қылмыс жасағандар мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін».