Каспий жағалауында шағын қуатты АЭС салынуы мүмкін

Мәжіліс кулуарында Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Алмасадам Сәтқалиев Каспий теңізінің жағалауында шағын қуатты атом электр станциясы салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оның айтуынша, шағын және орта реакторлары бар атом электр станциясын салу үшін Каспий жағалауы әлеуетті алаң ретінде қарастырылып отыр.

"Атом электр станциясын салу мүмкіндігі бойынша тиісті зерттеу техника, қауіпсіздік, суқоймалар секілді барлық негізгі факторды ескере отырып, жақын арада жүргізілмек. Қазақстанның батысын зерттеру жоспарда бар. Бұл перспективалық аймақ екенін түсінеміз", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, Алматы облысының Жамбыл ауданында тағы бір атом электр станциясын салуға болады екен. Тағы бір қуаты аз және орташа реакторлармен салынатын АЭС Маңғыстауда бой көтеруі мүмкін.

Сәтқалиев АЭС құрылысында ынтымақтастықтағы басым компания қытайлық CNNC екенін атап өтті.

АЭС Каспий Маңғыстау өңір

Тақырыпқа жаңалықтар