«Келешек мектептері»: Елімізде үш жылда 217 мектеп салынды
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында үш жыл ішінде 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектеп пайдалануға берілді. 2024 жылы – 105, 2025 жылы 112 мектеп салынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Нәтижесінде 54 үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі толық шешіліп, 100-ден астам мектептегі орын тапшылығы азайды. Оның ішінде ауылдық жерлерде 84 жаңа мектеп бой көтеріп, 130 мыңнан астам ауыл баласына заманауи білім беру ортасы жасалды.
Жаңа мектептер бұрынғы типтік нысандардан 15–20%-ға кең және техникалық жабдықталуы 4 еседен астам жоғары. Олар заманауи зертханалармен, STEM және робототехника кабинеттерімен, компьютерлік сыныптармен, шеберханалар мен шығармашылық студиялармен жабдықталған.
Елімізде үш жылда 217 мектеп салынды