Қазақстан жаңалықтары17 қараша 2023, 16:45

Клиника 287 жұмыскерге жалақыларын төлемеген

Ақтаудағы «Сенім» медициналық клиникасы» ЖШС-нің еңбек заңнамасын бұзу деректері анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі жариялады. 

Биыл екі айда 287 жұмыскерге 76 млн теңгеден астам жалақы төленбеген.

Қала прокуратурасымен мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілген.

Қадағалау актісін қарау нәтижесімен жұмыс беруші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған.

Жалақы бойынша берешек толықтай өтеліп, жұмыскерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілген.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы Маңғыстау облысы прокуратура органдарының бақылауында.

Ақтау сенім клиникасы жалақы төлемеу

Тақырыпқа жаңалықтар