Көкшетау тұрғыны алаяқтарға 10 млн теңгеден астам ақшасын беріп қойған
Көкшетау қаласының 59 жастағы тұрғыны өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қаскөйлердің сөзіне сенген әйел 10 млн теңгеден астам қаражатын жинап, келген курьерге қолма-қол берген.
Курьер кетіп қалғаннан кейін ғана әйел алаяқтардың арбауына түскенін түсініп, полицияға жүгінген.
Күдікті көп ұзамай Астанада ұсталды. Оның жанынан жәбірленушіге тиесілі ақша табылып, тәркіленді.
Полицияның мәліметінше, ер адамға Көкшетауға барып, белгілі бір пакетті алып кету туралы қоңырау түскен. Ол өзінің қылмыстық схемаға қатысып жатқанын білмеуі де мүмкін.
Қазір полиция күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: