Конституциялық соттың судьяларын президенттің ұсынуымен парламент бекітетін болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Конституциялық соттың судьяларын өзінің ұсынуымен парламент бекітетінін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, Конституциялық сотты, Жоғары аудиторлық палатаны және Орталық сайлау комиссиясын қалыптастыру жөніндегі өкілеттіктер Мәжіліс, Сенат және Президент арасында теңдей бөлінген.

Тоқаев осы маңызды мемлекеттік құрылымдардың барлық мүшелерін тағайындау тек парламенттің келісімімен жүзеге асырылуы керегін атап өтті.

«Сондай-ақ елдің жоғары өкілді органының депутаттарына президенттің ұсынуымен Жоғарғы соттың барлық судьяларын сайлау жөніндегі өкілеттік беру ұсынылады», — деді Тоқаев.

Тоқаев құрылтай Ақпарат судья

Тақырыпқа жаңалықтар