Қазақстан жаңалықтары24 сәуір 2024, 13:31

Көріпкел Бишімбаев туралы: «Ол адам төзгісіз»

Бүгін, Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Қуандық Бишімбаев кеңес сұраған көріпкелден сотта жауап алынып жатыр. Көріпкел өзінің таролог екенін және Бишімбаевтың түрлі мәселелер бойынша жиі жүгінетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көріпкелдің айтуынша, Салтанат қайтыс болған күні ол Бишімбаевқа жедел жәрдем шақыру керектігін бірнеше рет айтқан.

Прокурор хат алмасу кезінде Бишімбаевтың «онда (Нүкенова – ред.) бәрі жақсы ма?» деген сұрағына жауап бергенін түсіндірді: көріпкел  «таңға дейін ұйықтайды», - деп жауап берген екен. 

Мен оған: «Жедел жәрдем шақырыңыз, дәрігерге барыңыз», - деумен болдым. Ол (Бишімбаев - ред.) адам төзгісіз емес пе», - деді көріпкел. 

Прокурор Бишімбаевтың мазалағанын түсіндіріп беруін сұрағанда, көріпкел Бишімбаевтың үздіксіз телефон соғып мазалағанын айтты.

«Үнемі телефон соғумен болды, ол мас болды ғой, мен телефонды мүлдем көтермедім, ол жаза бастады, "Салтанатта бәрі жақсы жақсы ғой, солай деп жазыңызшы, міне, ол сондай, адам төзгісіз, "сонда көңілім жай табады" деп жазып мазамды алған соң, мен арам ойсыз," бәрі жақсы" дей салдым.

Прокурор: Бишімбаев оның жедел жәрдем шақыру туралы өтінішіне не деп жауап берді?

«Ол бір рет: «Жоқ, ол (Салтанат - ред.) есін жинайды, қайдағы жедел жәрдем!?» деді. Сол кезде Бишімбаевтың мүлдем мас екенін ұқтым. Сосын ол тағы хабарласып "Ол қалай" деп сұрады. Мен "жедел жәрдем шақырып, дәрігерге апарыңдар" деп, телефонды тастай салдым. 

Ол тағы хабарласып: "бірдеме істеңіз" деді. Мен не істей алам? Тағы хабарласып, "жағдайы жаман болып жатыр" деді. "Дәрігерге апар" десем, "бірдеме істеңізші" деп, сөйтіп қайталана берді. Бір нәрсені айта берді, айта берді, дауыс көтеріп айқайлады. Мен телефонды тастай бердім. 

Куәгер, сондай-ақ, Бишімбаевтың Салтанаттың жағдайын қалай сипаттағанын да айтып берді.

«Алғашында: «Ол (Салтанат - ред.) ұйықтап жатыр, дем алып жатыр, қорылдап жатыр», - деді. Мен" Оны (Салтанат - ред.) қарағанша, дәрігерге апарыңыз, көрсетіңіз, солар не істеу керектігін өзі шешеді". Ол мұны тоқтаусыз қайталады. Мен телефонды қоя салдым.

"Ол (Салтанат - ред.)  қозғалмайды, тұрмайды, тамақ ішпейді, жатыр" деп қайталап айта берді, - деді көріпкел сотта.

Бишімбаев ісі көріпкел Жауап

Тақырыпқа жаңалықтар