Қазақстан жаңалықтары12 қараша 2023, 0:25

Костенко шахтасы: Кеншінің туыстары жерлеуге материалдық көмек алды

Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

42 отбасы жерлеуге материалдық қолдау алды және 41 отбасына 10 жылдық жалақы төленді. Қалғандары бойынша әлі де жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлім етті.

Өңір басшысының айтуынша, бүгінде Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілер отбасыларының басым бөлігіне қажетті материалдық көмек көрсетілді. Ол қайғылы оқиғадан кейін барлық отбасыға барғанын жеткізді.

«Мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда 46 отбасы БЖЗҚ-дан жерлеуге біржолғы төлем құжаттарын рәсімдеді. 42 отбасына төлем өтелді, қалғандары бойынша қазір жұмыс жалғасып жатыр. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 20 отбасына мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Сонымен қатар қаза тапқан кеншілердің отбасыларына тағы да қолдау көрсетіледі», - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы тарапынан 41 отбасына 10 жылдық жалақы төленді. Қалған бесеуіне қатысты құжаттарды рәсімдеу әлі де жалғасып жатыр. Сондай-ақ компания қаза тапқан кеншілердің, олардың жұбайларының, ата-аналары мен балаларының несиелерін өтеді. Бұдан басқа, «АМТ» марқұмдардың отбасыларына жанұядағы әрбір мүшесі үшін 18 м2 пайдалы алаң есебінен пәтер сатып алуға, сақтандыру төлемдерін, 23 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге міндеттенеді. Бұл төлемдер осы жылдың қараша айынан бастап төлене бастайды.

Тақырыпқа жаңалықтар