Логопед сабақ үстінде баланы ұрып жіберген

Қарағандыда Логопед сабақ үстінде баланы ұрып жіберген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жәбірленушінің анасының сөзінше, бала бұл мұғалімнен 1 жылдан бері білім алып келеді. Осы күнге дейін бала шағым білдірмеген. Десе де әкесі ұлын алып кетуге барғанда осы жағдайға куә болып, видеоға түсіріп алған.

Басқа ата-аналар да баласының дәл осы мұғалімнен зардап шеккенін айтты.

Бір ата-ананың сөзінше, баласы бірінші сабақтан кейін мүлде бармаймын деп, білім алудан бас тартқан. Себебі мұғалім ұлының бетінен ұрған екен. Өзге ата-аналар да баласын енді бұл мұғалімге апармаймыз дейді.

Қарағанды облыс Сабақ логопед

Тақырыпқа жаңалықтар