Lufthansa ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды

Lufthansa ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қоуының себебі ұшақ бортында жолаушылардың бірі ауырып, есінен танып қалған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 26 желтоқсанда Мюнхен-Пекин бағытындағы рейсте болған. Ұшақ экипажы төтенше жағдайда Алматы әуежайына қонған. Әуе кемесіне жедел түрде әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы жеткен. Алайда олар жолаушының ұшу кезінде қайтыс болғанын анықтаған.

Қажет рәсімдер аяқталған соң ұшақ жанармай құйып, рейсті жалғастырған. Олар таңғы сағат 7:56-да Бейжіңге ұшып кеткен.

Мәліметке сәйкес, қайтыс болған адам 30 жастағы ер азамат. Ұшу кезінде оның жағдайы нашарлап, жүрек талмасы салдарынан көз жұмған.

Көлік полициясы департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Олардың мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі жедел жүрек жеткіліксіздігі. Ал марқұм шетел азаматы болған екен.

Lufthansa ұшақ Алматы Әуежай борт

Тақырыпқа жаңалықтар