Мәһір орнына қалыңмал берсе жеткілікті
Egemen.kz
Egemen.kz

Мәһір орнына қалыңмал берсе жеткілікті

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы неке қию кезінде ерінің қалыңдығына беретін бағалы сыйлығы немесе мәһірдің үкімін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады. Ал «әке күші», «ана сүті», тағы да сол сияқты қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды», деп жазылған мүфтияттың ресми сайтында.

Айта кетейік, мәһір - отасқаннан кейін ер азаматының қалыңдығына беретін бағалы сыйы.

Шариғат заңына сәйкес алда-жалда екеуі ажырасса яки күйеуі қайтыс болса, әйелі мәһірді сатып немесе айырбастап күнелтеді.

Мәһір қалыңдық күйеу қалың мал

Тақырыпқа жаңалықтар