Мәйітхана күзетшісі некрофилия жасады деген күдікке ілінді
Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ақпарат Telegram каналдардың бірінде пайда болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексiнің 314-бабы (Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу жалғасып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: