Қазақстан жаңалықтары2 маусым 2025, 11:15

Малшы мен баласына найзағай түсіп мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мәмлүт ауданының Владимировка ауылына жақын жерде найзағай отынан бір адам қайтыс болды.

Мал бағуға шыққан ауыл тұрғынының кезекті жұмыс күні қайғылы оқиғамен аяқталды. Ер адам жергілікті тұрғындардың малын бағумен айналысқан. 31 мамыр күні сағат 17.00-де малшының үстіне жай оты түсіп, ол сол жерде жан тәсілім етті. Марқұм 38 жаста еді. Оның мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Naizakokshe парақшасында, малшының 9 жастағы баласына да найзағай түсіп мерт болғаны жазылды.

Малшы СҚО мерт болды Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар