Маңғыстау облысында 12 жастағы баланың мәйіті табылды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында ауладан 12 жастағы баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға туралы аудан тұрғыны айтып берді. Оның айтуынша, балада қылқындыру белгілері болған.

Әуелі куәгер баланы әткеншекте ойнап отыр деп ойлаған. Кейін жақындап қарағанда беті көгеріп, аузынан ақ көбік шығып жатқанын байқаған. Сосын куәгер ата-анасына қоңырау шалған. Ал олар полиция мен жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер баланың өлімін растады.

Қайғылы жағдайдың себебі белгісіз. Ал полиция әлі пікір білдірмеді.

Маңғыстау облыс мәйіт Бала
1 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар