Марқұм Мадинамен хатын жариялаған құрбысы желіде көрінбей кетті

Марқұм Мадинамен хатын жариялаған құрбысы желіде көрінбей кетті. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оның сөзінше, Мадинаның телефонын полиция тергеу аясында алған. “Кешеден бері Мадинаның құрбысы Зейнеп әлеуметтік желіде көрінбейді. Телефоны өшіп тұр.

Марқұм Мадинаға қатысты бірқатар деректі әлеуметтік желіде жариялаған Зейнептің жағдайын білу үшін анасымен байланыстым.

Белгілі болғандай, Меркі аудандық полициясы тергеу аясында Зейнептің ұялы телефонын уақытша алған. Полицияның ресми өкілінің айтуынша, телефон бүгін қайтарылуы тиіс.

Ең бастысы- Зейнеп аман-есен.

Ал оның Мадинамен болған хат алмасулары тергеу барысында тиісті түрде зерттеліп, іске маңызды дәлел ретінде тіркеледі деп үміттенеміз.

Әрбір дерек назардан тыс қалмай, іс жан-жақты әрі объективті тергеледі деп сенеміз!”, - деп жазды журналист.

Журналист полиция Тергеу дерек

Тақырыпқа жаңалықтар