Махмұд Сабырхан алтын алып, әлем чемпионы атанды
Махмұд Сабырхан Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан алтын медаль иеленіп, әлем чемпионы атанды.
Ол испаниялық Рафаэль Лосано Серраномен қолғап түйістірді. Махмұд үш раудта да белсенді болып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Осылайша, екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: