Мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салынды
Биыл мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе, банкет залдары мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Елімізде 2025-2026 оқу жылын 4 млн-ға жуық оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңы – мектеп бітіруші түлек. Министрліктің мәліметінше, аттестат тапсыру рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.
Сонымен қатар ата-аналардан ақша жинауға, мұғалімдерге сыйлық беруге және түрлі материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: