Мектеп оқушысы сыныптасынан 350 мың теңге талап еткен
Қарағандыда мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Қазинформ жариялады.
Полицияға 39 жастағы әйел арызбен шағымданған. Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан.
"Полиция қызметкерлері хатты жазған адам анықталды. Оның арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені белгілі болды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты".
Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту сұрақтары қарастырылуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: