Мектепте стоматологиялық кабинет ашылады
2028 жылға дейін қазақстандық мектептерде мың стоматологиялық кабинет ашылады, деп хабарлайды Arbat.Media.
2028 жылға дейін мектептерде мың стоматологиялық кабинет іске қосу көзделуде. Қазіргі уақытта 150 мектепте ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
«Бұл бастама оқушы саны мыңнан асатын ірі білім беру ұйымдарын қамтиды. Ең алдымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңадан салынған мектептерде ашылуда. Мұнда оқушыларға стоматологиялық көмек көрсетіледі, ауызқуысы ауруларын ерте диагностикалау жүргізіледі және санитарлық-ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылады», - делінген ақпаратта.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: