Қазақстан жаңалықтары28 желтоқсан 2023, 7:44

Мемлекет басшысы отандық басылымға көлемді сұхбат береді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылдың басында республикалық басылымдардың біріне көлемді сұхбат беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Берік Уәли «Президент БАҚ өкілдеріне сирек сұхбат береді» деген пікірмен келіспейтінін айтып, ел басшысының жұмыс кестесінің тығыздығына тоқталды.

Бұл ретте Берік Уәли атап өткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл шет мемлекет басшыларымен келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін 8 брифинг өткізді. Қазақстан Президенті жыл басынан бері шетелдік және отандық БАҚ-қа 4 сұхбат берді, оның ішінде соңғы екі айда «Известия» басылымы мен Euronews телеарнасына да 3 мақала жариялады.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, келесі жылдың қаңтар айының басында Қазақстан Президенті республикалық басылымдардың біріне еліміздің ішкі және сыртқы саясатын егжей-тегжейлі баяндайтын көлемді сұхбат беруді жоспарлап отырғанын атап өткім келеді», деді ол. 

Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ Сұхбат басылым

Тақырыпқа жаңалықтар