“Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді” — Сәкен Мамаштың экс-әйелі Карина Госман

Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды. Карина Госман сот отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Arbat.Media Orda.kz сайтына сілтеп.

Карина Госманның айтуынша, Сәкен Мамаш өз кінәсін мойындамаған.

«Жылдар бойы манипуляция жасап келді және бүкіл сот процесінде маған қысым көрсетті. Бұл — кек емес, бұл — әділеттілік. Ол мұны түсінеді деп үміттенемін. Мен оған ескерту жасаған кезде, ол тек күлген еді», - деді Карина Госман.

Оның айтуынша, Сәкен Мамаш та, оның туыстары да ешқандай көмек көрсетпеген. Ал бастапқыда Карина Госманға экс-күйеуі үндемегені үшін 3 пәтер ұсынған екен. Бірақ Карина ондай келісімнен бас тартқанда, Мамаш оларды жалғыз баспанасынан айырған.

Сотта жәбірленуші болып танылған Карина Госман қолдау білдіргені үшін адвокаттарына, дағдарыс орталығына, БАҚ-қа және барлық қазақстандықтарға алғыс айтты. Сонымен қатар ол ешқашан зорлық-зомбылыққа жол бермеу керегін мәлімдеді.

 

Карина Сәкен Мамаш сот

Тақырыпқа жаңалықтар