Мердігерлер қысқартылған шаршы метр ақшасын қайтаруға міндеттеледі
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары16 тамыз 2024, 12:00

Мердігерлер қысқартылған шаршы метр ақшасын қайтаруға міндеттеледі

Әр шаршы метрдің сұрауы бар. Елімізде үй аумағын жоспардағынан кішірейтіп жіберетін мердігерлер қысқартылған шаршы метрлерінің ақшасын қайтаруға міндеттеледі. Арнайы бұйрықты индустрия және құрылыс министрлігі шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Үлескерлерден құрылыс компанияларының үй аумағын әлдеқайда кішірейтіп жіберетіні туралы көп шағым түсіпті.

Жұрт қомақты сомада артық төлем жасап келген.

Енді жоба-смета құжатындағы ауытқуларға мердігер компания жауапты болмақ. Қазір қолданыстағы заңда шаршы метрлер жоспардағыдан кемі үш пайызға кішірейтіілсе ғана артық төлем қайтарылып жүр.

Ал бұдан былай пәтер аумағы белгіленгеннен бір жарым пайызға кеміген жағдайда да қаражат өтелуге тиіс. Яғни мердігер аудан бойынша нақты айырманы қайтарады. Ал егер мүліктің ауданы жоспардағыдан бір жарым пайызға артық болып шықса, керісінше, үлескерлер қосымша төлем жасауға міндеттеледі.

Мұндай жағдайда үйді сатып алушы артық шаршы метрлердің жарты ақшасын төлейді.

Мердігерлер қысқартылған шаршы метр Ақша қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар