Метро желісінде апат болып, жұмысшыларды басып қалды

Оңтүстік Кореяның Кванджмен қаласындағы метро құрылысы кезінде туннель құлап, екі жұмысшы жоғалып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға 11 сәуір күні сағат 12:40 шамасында болған. Әуелі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жерде тірек құрылымдары жарыла бастағаү. Кейін жұмысшыларға жұмыстарды тоқтата тұру туралы бұйрық келіп, олар алаңнан эвакуацияланған. Алайда жұмысшылар толық шығып үлгермей туннель құлап кетті. Қазіргі таңда екі жұмысшымен байланыс орнату мүмкін болмай отыр. Тіпті олардың нақты қай жерде болғаны да белгісіз.

Апат салдарынан жол мен сауда орындары бүлінді. Жоғалған екі адамнан басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

метро, апат

Тақырыпқа жаңалықтар