Микронесиеге қатысты талаптар қатаңдай түсті
Микронесиеге қатысты талаптар қатаңдай түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Енді несие тарихы жоқтарға 100 АЕК-тен артық микронесие берілмейді және қарыз онлайн рәсімделмейді.
Сонымен бірге биометриялық сәйкестендіруден өту міндетті. Микроқаржы ұйымдары клиентке келісімшарт талаптарын толық түсіндіруге тиіс.
Ал егер азамат қарызын уақытылы төлей алмай, берешек болса, микроқаржы ұйымы кемінде 3 ай комиссия ұстамайды. Сондай-ақ мерзімді әскери қызметін өтеушілерге бұдан былай мүлдем кредит берілмейді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: