Министр Құрылыс кодексіне қатысты шыққан дауға тағы пікір білдірді
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары29 қазан 2024, 12:34

Министр Құрылыс кодексіне қатысты шыққан дауға тағы пікір білдірді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Құрылыс кодексінің айналасындағы дау туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мәселенің практикалық жағына тоқталып өтейік. Қаржы министрлігі аудит жүргізген болатын. Осы аудит аясында заң бұзу фактісі анықталған жоқ. Қаржы министрлігіндегілердің жалғыз айтқаны – процедуралық сәйкессіздіктер болған. Бірақ қаржылық заң бұзу фактісі болмаған. Процедуралық сәйкессіздіктер үшін тиісті қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа айтарым жоқ», - деді ол журналистің сұрағына берген жауабында.

Сондай-ақ, түптің түбінде Құрылыс кодексінің жаңа редакциясы қабылданатына сенім білдірді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Ал кодексті қабылдау мәселесіне келсек, қазір белсенді жұмыс жүріп жатыр. Екі жылдан бері талқыланып келе жатқанын ескерсек, қорытынды талқылаудан кейін қабылданады деп ойлаймын», - деді Қанат Шарлапаев.

 

Құрылыс кодексі Шарлапаев дау Пікір

Тақырыпқа жаңалықтар