Қазақстан жаңалықтары30 мамыр 2025, 19:15

Министр Сара Назарбаеваның “өлімі“ туралы ақпаратқа пікір білдірді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Сара Назарбаева қайтыс болды" деген қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін Ақорда дәлізінде журналистер министрден осы ақпаратқа пікір білдіруін сұрады.

"Менің ойымша, емделіп жатқан адамға тым қатыгездік таныттық. Шынымды айтсам, нақты білмеймін, өйткені бұл адамның, оның отбасының жеке өміріне қатысты. Тұңғыш президенттің отбасы екені түсінікті, бірақ өлім туралы ақпарат тарату - қатыгездік. Бұл ақпаратты баспасөз хатшысы жоққа шығарды және дұрыс жасады, өйткені әрқашан шынайы ақпаратқа сену керек", - деп жауап берді Аида Балаева.

Бұған дейін желіде Сара Алпысқызының қаза тапқаны туралы жалған ақпарат тарады. 

Сара Алпысқызы Назарбаева Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар