Министрлік аутизм туралы жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан аутизмді толық емдеу, «жалған аутизм» және басқа да ғылыми негізі жоқ мәлімдемелерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ведомствоның мәліметінше, аутизм спектрінің бұзылыстары - халықаралық медициналық қауымдастық мойындаған нейродамудың ерекшелігі. Ол тәрбиеге, гаджеттерге немесе вакцинацияға байланысты пайда болмайды.
Министрлік қазіргі уақытта аутизмді толық емдейтін ғылыми дәлелденген әдіс жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ азаматтарды күмәнді емдеу тәсілдері мен жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.
Мамандардың айтуынша, аутизм кезінде ерте диагностика, дер кезінде түзету көмегін көрсету және отбасының қолдауы ерекше маңызды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: