Қазақстан жаңалықтары6 желтоқсан 2022, 3:29

Моңғолиядағы наразылық: Көтерілістен кейін қандай шешім қабылданды?

Ұлан-Баторда халық жаппай көтеріліске шығып, Үкімет үйін басып алды. Елдегі наразылықтың қатты өршігеніне қарамастан моңғол билігі республика бойынша төтенше жағдай жарияламайтын болды, деп хабарлайды arbat.media

Моңғолия министрлер кабинетіне қарсы наразылықтың үшінші күні қарсылық білдірушілер үкімет үйінің темір қоршауын бұзып кірген. Соның салдарынан 4 күзетші жарақат алды. 

News.mn-нің жазуынша, бірнеше минут бұрын Моңғолия Парламенті онлайн-отырыс өткізіп, Ұлан-Батор қаласында төтенше жағдай жариялау туралы ұсынысты талқылаған. Заң шығарушы орган елдегі жағдайға қарамастан төтенше жағдай жарияламауға шешім қабылдады. Бірақ алдағы уақытта жағдай қазіргіден нашарласа, парламент Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің ұсыныстарына негізделген тиісті шараларды жүзеге асыруды қолдайтын болады. 

Бұған дейін елдің Мемлекеттік хатшысы П.Сейнзориг демонстрацияны мәжбүрлеп таратуға қатысты шешім туралы  хабарлаған. 

Моңғолдар Ұлан-Баторда және басқа қалаларда көмір сатудан түскен кірістің үлкен сомасын ұрлау туралы хабарланғаннан кейін  жаппай наразылықты бастаған. Бейресми дерек бойынша елден  6,5 миллион тонна көмір ұрланған.

 

Моңғолия Наразылық Үкімет Төтенше жағдай

Тақырыпқа жаңалықтар