“Мыңдаған тұтқын бостандыққа шығуы мүмкін”: Сенат рақымшылық туралы заңды қабылдады
Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Заң Парламент депутаттарының бастамасымен қабылданды және қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған. Құжат 2025 жылғы сәуірде жария етілген Президенттің тапсырмасы негізінде әзірленген.
Сонымен қатар, рақымшылық мынадай қылмыстар үшін сотталғандарға қолданылмайды: сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар және басқа да бірқатар ауыр қылмыстар.
Заң Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Бұған дейін рақымшылық туралы заңды Мәжіліс депутаттары қабылдаған болатын.
Рақымшылыққа кімдер ілігеді:
- қылмыстық құқықбұзушылықтар мен ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;
- зиян келтірмей немесе зиян толық өтелген жағдайда орташа ауыр қылмыстар үшін сотталғандар;
- әлеуметтік осал топтардың өкілдері.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: