Нан мен ет бағасын реттеу үшін интервенция жасалады
Нан мен ет бағасын реттеу үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы интервенция жасайды. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының 2021-2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілетін өзгерістер жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.
корпорацияның әлеуметтік маңызы бар ауылшаруашылық тауар бағасын реттеуге қалай атсалысатыны айқындалған.
«Азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу үшін „Азық-түлік келісімшарт корпорациясы“ астық егістігі және маусымдық бағаның өсуі кезінде ұн тартатын, мал және құс фабрикаларына арзанырақ астықты сату арқылы тауар интервенцияларын қолданады. Осылайша 1-сұрыпты ұн, әлеуметтік нан және рожки бағасының өсуін тежеу үшін арзандатылған бағамен азық-түлік астығын (қажет болған жағдайда) сату жоспарланып отыр» деп жазылған Үкімет қаулысының жобасында.
Қажет болған жағдайда сиыр еті, тауық еті және тауық жұмыртқасы бағасының өсуін тежеу үшін құс және мал шаруашылығы шаруашылықтарына арзандатылған жемдік астық жіберу көзделіп отыр.
Нарықтағы бағаға байланысты бөлінетін қаржы қаражаты шегінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламалары арқылы қарақұмық жармасы, күріш және күнбағыс майы үшін шикізат сатып алынады.
Осылайша корпорация ауыл шаруашылығы өнімдерінің номенклатурасы мен көлемін біртіндеп кеңейтеді, сондай-ақ арзандатылған азық-түлік және жемдік астықты өткізу көлемін ұлғайтады.
«Тұрақтандыру функцияларын жүзеге асыру шеңберінде астық нарығында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қосылған құн салығын қайтару жүргізіледі. Бұл шаралар нарықтық тұрақтылықты қолдауға және Қазақстанның барлық азаматтары үшін азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» делінген құжатта.