Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сараптама қорытындысы бойынша айыпталушының ақыл-есі дұрыс деп танылған.
"Күдікті ақыл-есі дұрыс адам ретінде заң алдында жауап береді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталуға жақын", - деді Әділов.
Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды пышақтап өлтіріп кеткен.
Ал күдікті психиатариялық клиникаға жатқызылғаны туралы айтылған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: