Нұрлан Сабуров 50 жыл Ресейге кіре алмайды
Қазақстандық комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шешім Ресейдік ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін қабылданды, деп құқық қорғау органдары РИА Новости агенттігіне хабарлады.
«Стендапшы Ресейде тапқан ақшасын делдалдар арқылы заңсыз жолмен жылыстатқан», - делінген дереккөзде.
Әзілкешті әуежайдағы тексеру кезінде тоқтатып, Ресей аумағына кіргізуден бас тартқан. Осыдан кейін ол келген жері — Дубайға да қайта ұша алмай отыр, себебі билет алуға ақшасы жоқ екені айтылады.
Өткен жылы стендап-комик Ресейдің көші-қон заңнамасын бұзған — елде рұқсат етілген мерзімнен артық болған. Ол кезде айыппұлмен құтылып, елден шығуға және қайтадан ереже бойынша кіруге екі апта уақыт берілген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: