Қазақстан жаңалықтары26 мамыр 2025, 14:25

Нұрлан Сабуровтың Мәскеудегі дүние мүлкі туралы ақпарат тарады

Нұрлан Сабуров Мәскеуде дүние мүлкі туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Arbat.media Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

SHOT телеграм арнасының мәліметінше, шоумен Мәскеу облысындағы "Новорижский" тұрғын-үй кешенінен 1285 шаршы метр жер учаскесін сатып алып, ол жерге премиум-класстағы коттедж салған.

Заманауи коттедждің нарықтағы құны, шамамен 115 миллион рубльге (592 миллион теңге) тең.

Жылжымайтын мүлікпен қатар, Сабуров екі люкс санатындағы автокөлікке де ие: ерекше SBR нөмірімен көзге түсетін 2018 жылғы Gelandwagen көлігі — шамамен 20 миллион рубль (103 миллион теңге), ал 2021 жылғы Cadillac Escalade бағасы — шамамен 11 миллион рубль (56,5 миллион теңге).

Сабуров Нұрлан Ресей Мәскеу

Тақырыпқа жаңалықтар