Олимпиаданың гала шоуында Михаил Шайдоровтың көрсетіліміне Джеки Чан келді

Олимпиаданың гала шоуында Михаил Шайдоровтың көрсетіліміне Джеки Чан келді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Көрсетілімдік бағдарлама үшін мәнерлеп сырғанаушылар әдетте жарыс бағдарламасында көрсетілмейтін арнайы нөмір дайындайды.

Шайдоров пен оның командасы гала-шоуға панда костюмімен шығатын ерекше нөмір әзірлеген.

Чемпионның айтуынша, оның көрсетілімдік нөміріне Джеки Чанның қатысуы бастапқыда жоспарланбаған.

“Бұл күтпеген жағдай болды. Мұз айдынына келгенде, мұнда Джеки Чанның жүргенін білдім. Әрине, бірден онымен суретке түсуге жүгірдім. Ол мені құттықтады. Ал мен оған гала-нөмірімді міндетті түрде көру керегін айттым. Ол келісіп, қалатынын жеткізді”, – деді Михаил.

Шайдоров

Тақырыпқа жаңалықтар