Қазақстан жаңалықтары15 шілде 2024, 16:00

Олимпиадашылардың алғашқы легі Парижге Алматыдан аттанады

Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан Ұлттық құрамасының алғашқы легі Алматыдан аттанады. Осыған орай 17 шілде күні Алатау бөктерінде спортшыларымызды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған шара, 17 шілде күні сағат 11:00-де, Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Олимпиадалық даярлық орталығында өтеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қазір төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 80 жолдама жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

ХХХІІІ Жазғы Олимпиада Ұлттық құрама Париж сапар

Тақырыпқа жаңалықтар