Қазақстан жаңалықтары16 қаңтар 2024, 12:13

"Өмірден күдер үзген". Атырау облысында өзін өртеген азаматтың халі нашар

Атырау облысында өзіне жанармай құйып өртеген азаматтың жағдайы ауыр. Оның денесінің 80 пайыздан астамын күйік шалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мақат ауданындағы Доссор қаласында 62 жастағы азамат үйдің ауласында өзін өртеп, көршілері бірден жедел жәрдем шақырған. Өмірден баз кешкен тұрғынның бала-шағасы бар.

Құзырлы орган өкілдері бұған отбасындағы жағдай себеп болған дейді.

ҚР ҚК 105-бабы, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Алдын ала ақпарат бойынша отбасылық жанжалдан соң өзін өртеп жіберген, дейді Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.    

 

Доссор өзін өртеу Аурухана суицид

Тақырыпқа жаңалықтар