Қазақстан жаңалықтары13 қыркүйек 2024, 11:00

Омыртқасы сынған ер адам тікұшақпен Көкшетауға жеткізілді

Ақмола облысында мойын омыртқасы бірнеше жерден сынған ер адам ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен Щучье қаласынан Көкшетауға жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» өндірістік-диспетчерлік қызметіне Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан хабарласып, Щучье қаласында мойын омыртқасы бірнеше жерден сынған ер адамды тасымалдауға көмек сұраған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Командир Бейбіт Смағұлов пен екінші ұшқыш Назель Нұрғалиева басқарған «Eurocopter H-145 D3» тікұшағы бірден Щучье қаласына ұшып келіп, науқасты Көкшетау қаласына алып кетті. Ұшақта экипаждан бөлек, аға фельдшер Айнұр Өтеулиева, реаниматолог Индира Сарыбаева және медбике Анара Сансызбаева бірге болды. Ер адам 50 минутта діттенген жеріне жеткізілді», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, осы жылдың 9 айында «Қазавиақұтқару» АҚ түкұшағымен шұғыл медициналық эвакуациялау желісі бойынша 231 адам тасымалданған.

мойын омыртқа Ақмола облысы Қазавиақұтқару Көкшетау

Тақырыпқа жаңалықтар