Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға тағы ескерту жасалды
Оңтүстік Корея аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарына тағы бір мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақпан айының соңына дейін олар айыппұлсыз және санкциясыз елден ерікті түрде шыға алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Бұған дейін Қазақстан мен Оңтүстік Корея ерікті қайту бағдарламасының мерзімін уақытша ұзарту жөнінде келісімге келген. Алайда бағдарлама барлығына бірдей қолданылмайды.
Министрліктің мәліметінше, бұл мүмкіндік:
қылмыстық құқықбұзушылық жасағандарға;
мәжбүрлеп елден шығарылуға жататындарға;
2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге өткен шетелдіктерге қолданылмайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: