Оңтүстік Кореяға жұмысқа баратын қазақстандықтар арнайы тест тапсырады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, үміткерлер EPS жүйесі арқылы іріктеуден өтеді, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Іріктеу Алматыда EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады. Мұнда үміткерлердің корей тілін білу деңгейі EPS-TOPIK тесті арқылы анықталып, кәсіби білімі мен дағдылары бағаланады. 

Сонымен қатар азаматтың білімі, еңбек өтілі және кәсіби сертификаттары ескеріледі. Кореяға аттанар алдында жұмысшылар міндетті дайындықтан өтеді.

Кореяға жұмысқа баруға 18-ден 39 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Азаматтың сотталмағаны, Кореядан бұрын күштеп шығарылмағаны және елге кіруге тыйым салынбағаны ескеріледі.

 Сондай-ақ Қазақстаннан шетелге шығуына шектеу болмауы қажет. Кандидаттар талаптарға сай балдық жүйемен бағаланады.

халық үміткер Кандидат Шетел

Тақырыпқа жаңалықтар