Қазақстан жаңалықтары7 қараша 2023, 9:00

Оқушылар PISA тестін тапсыруды бастады

6 қарашадан 15 желтоқсанға дейінгі аралықта еліміздегі 1000 мектебінде «PISA-based Test for Schools (Мектептерге арналған PISA)» халықаралық зерттеуі өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мектептерге арналған PISA-ға еліміздің барлық аймағынан 54 мыңнан астам 15 жасар оқушы қатысады.

Зерттеу PISA дәстүрлі зерттеудің әдіснамасына негізделген және мектептің білім жетістіктерінің жан-жақты көрінісін қалыптастыра отырып, оқу, математика мен жаратылыстану ғылымдары сынды функционалды сауаттылықтың негізгі дағдыларын бағалайды.

«3 жылдық циклды құрайтын негізгі PISA-дан мектептерге арналған PISA-ның айырмашылығы — ол жыл сайын өткізіледі және әрбір жекелеген мектеп деңгейінде нәтижелерді талдауға, жақсартуға болатын нақты бағыттарды анықтайтын жеке есеп алуға мүмкіндік береді. Жан-жақты толықтырылған есепті мектеп әкімшілігі білім сапасын арттыру стратегиясы мен бағдарламаларын әзірлеуге пайдалана алады», — дейді Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету саясаты басқармасының басшысы Динара Абылканова.

PISA тест Оқушылар
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар