Оқушылардың қорытынды емтихан тапсыру мерзімі бекітілді
Оқушылардың қорытынды емтихан тапсыру мерзімі бекітілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 9-сынып оқушыларының үшін қорытынды емтихандары 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша түрде өтеді.
Аттестат тапсыру салтанаты 17–18 маусым аралығында өтеді. Шара мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында ұйымдастырылады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: