Қазақстан жаңалықтары27 қазан 2023, 22:42

Оқушымен дөрекі сөйлескен педагог жұмыстан босатылды

Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары темекі шеккен оқушымен дөрекі сөйлесті, сол үшін оны педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысынан шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мұғалімнің мектеп оқушысына қатысты дөрекі қылығы туралы бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушылары мұғалімнің әрекетін сынға алды. 

Аталған дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Екінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 7,9,10 сынып оқушылары спортзалға волейбол ойнауға барған. Алайда, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Ютина оқушылардың волейбол ойнағанын емес, 7-сынып оқушысы Д.Кимнің темекі шегіп тұрғанын көрген. Осы кезде мұғалім бірден мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Мекебайды шақырған, ол оқушымен әңгімелескен. Оқушы спортзалда темекі шегетінін мойындаған. Оның бұл жауабы мектеп директоры орынбасарының ашуына тиіп, ол эмоцияға ерік берген, дейді Ақмола облысы білім басқармасы баспасөз қызметі. 

Білім бөлімінің жұмыс тобы Жаңаесіл ауылындағы балалармен, ата-аналармен және мектептің педагогикалық ұжымымен әңгімелесті. Осы дерек бойынша жүргізілген талқылаудан кейін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі Д.Кимнен педагог Б.Мекебайға шағымдан бас тарту туралы өтініш келіп түсті. Дегенмен, бұл жағдай Жаңаесіл ауылы мектебінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қаралды, онда ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 14-тармағына сәйкес Б.Мекебайды жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды, - деді ведомстводан. 

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі әлеуметтік желіде желдей ескен бейнежазбаны полиция зерттегенін атап өтті. 

«Келеңсіз жағдай шынымен Жаңаесіл ауылындағы орта мектепте болғаны расталды. Мұғалімнің заңсыз әрекеттері дерегі бойынша материал Целиноград аудандық полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Тексеріс жүргізілуде, соның қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады, - деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына жауап берген ПД баспасөз қызметі. 

Жаңаесіл жұмыстан шығарылды Мектеп Оқушы

Тақырыпқа жаңалықтар