Оралда 100 бала жоғалып кеткен
21 қыркүйек күні Орал тұрғындары «қала күнін» тойлаған. Алайда мереке кезінде түрлі бұзақылық пен заңсыз әрекеттер тіркелді. Кешкілік гала-концерт кезінде 100 бала жоғалған, олар стационарлық полиция пунктіне жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы БҚО Полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Сондай-ақ сол күні бұзақылықтың 19 жағдайы тіркелген, 23 адам қоғамдық орында ішімдік ішкен.
38 адам уақытша бейімделу және детоксикация орталығына жеткізілген, ал 4 жүргізуші мас күйінде ұсталған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: