Оралда анасы мен қызы 25 жылдан кейін кездесті

Оралда анасы мен қызы 25 жылдан кейін кездесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оралда америкалық отбасы асырап алған бойжеткеннің оқиғасына байланысты «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаны ЕҚЫҰ-ның Адам құқығы жөніндегі тренері Лейла Онлаш әлеуметтік желіде жариялады. Заңгердің мәліметінше, қыз 2000 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алайда дәрігерлер сол кезде ата-анасына «нәресте өлі туды» деп хабарлаған.

Бейресми деректерге қарағанда, қыздың қолында перзентханада берілетін, анасының тегі жазылған білезік болған. Сол дерек арқылы туғандарын іздеп тауып, былтыр анасына хабарласып: «Мен сіздің қызыңызбын» деген.

Бірнеше күн бұрын ғана Орал әуежайында анасы мен қызы 25 жылдан кейін қайта қауышты. Қазір бойжеткен АҚШ-та жоғары білім алып, психолог болып жұмыс істейді.

орал Адам жоғалту Америка

Тақырыпқа жаңалықтар