Оралда қоқыс жәшігінен денесі табылған нәрестенің анасы із-түзсіз жоғалды
14 тамызда Зачаганск кентіндегі Бірлік көшесінде қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің анасы әлі күнге дейін іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жаңа туған сәби өлі күйде табылған еді. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция өңірдегі медициналық мекемелерде есепте тұрған әйелдерді тексерді. Сондай-ақ, есепте тұрмаған және әртүрлі себептермен есептен шығарылған әйелдерді де тексеріпті.
«Аула және пәтерлерді аралау жүргізілді. Жақын маңдағы жеке үйлер тексерілді. Үйдің кіреберісінде және оқиға орнына жақын орналасқан бейнекамералардан түсірілген бейнежазбалар зерттелді. Әйелді іздеу жалғасуда», - тәртіп сақшылары.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: