Өскеменде мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті
Өскеменде мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өскеменде 5 тәулік бойы қою түтін басқан. Қолайсыз экологиялық ахуалға байланысты білім бөлімі оқушыларды қашықтан оқыту туралы шешім қабылдады.
Ал «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, қалада екінші дәрежелі метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Яғни ауада күкіртті сутек шектік мөлшерден бірнеше есеге артып кеткені анықталды.
Қазіргі уақытта облыстық Экология дептартаментінің мамандары ірі өндірістер мен жылыту орталықтары соңғы тәулікте ауаға қанша мөлшерде зиянды қалдық шығарғанын арнайы құрылғылармен тексеріп жатыр.
Бұдан бөлек, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы түтіннен уланып немесе тыныс жолдарының химиялық күю диагнозы бойынша ауруханаға түскен адам жоқ екенін хабарлады.