Қазақстан жаңалықтары13 қаңтар 2024, 9:54

«Осы кісі болуы мүмкін»: Бельгиялық қазақ баласының тағы бір болжамды анасы аталды

«Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі тағы бір болжамды ананың (есімі Мақпал) анализ тапсырғанын мәлім етті. Анасын іздеген Жәнібектің (Мұрат) ресми өкілі Қымбат Досжан әлеуметтік желіде хабарландыру жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Хабарландыруда «Егер сіз, 2001-2003 жылдары Арқалық қаласының перзентханасында босанып, қолхат жазып, баладан бас тартып немесе қашып кеткен болсаңыз, анонимді түрде анализ тапсыра аласыздар», делінген.

21 жасар Эдди Жанға өмірге келген кезінде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазіргі уақытта Эдди Жан өзін Мұрат деген есіммен атап жүр. 

Бельгиялық қазақ баласы болжамды ана хабарландыру

Тақырыпқа жаңалықтар