Ота: Алматыда 1,5 жасар бүлдіршіннің башпайы қолына ауыстырып тігілді
Алматыда күрделі ота жаcалды — 1,5 жасар бүлдіршіннің башпайы қолына ауыстырып тігілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алматыда №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы базасында аяғы мен қолында туа біткен сирек патологиясы бар балаларға күрделі ота жасалды.
№2 БҚКА травматолог-микрохирургтары және әлемге әйгілі микрохирург, Мәскеу қаласының РХДУ травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубевпен бірге 6 науқасқа ота жасады.
"Мейірімділік "ерікті қоғамдық қоры" мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен үш күндік мастер-класс аясында күрделі микрохирургиялық оталар жасалды.
"Менің немерем туған кезде оң қолының білегі болмады, ал сол қолының бас бармағы толық дамымаған болды. Қызым "Мейірімділік" қоғамдық қорына жүгінді, тексеруден кейін дәрігерлер аяқтың бармағын сол қолға ауыстырып салуға болатынын айтты. ", - дейді баланың әжесі.
"Мүбарак оң қолдың аплазиясымен және сол қолдың бірінші және екінші саусақтарының фалангалары жоқ болып дүниеге келді. Ата-анасы оған оң білегіне косметикалық протезге тапсырыс берді. Ота сегіз сағатқа созылды. Мұндағы барлық ота әртүрлі сипатта. Оның ішінде туа біткен ақаулар да, жарақат алғаннан пайда болған ерекшеліктер де бар",- деп атап өтті №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияров.
Туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар алты қазақстандық баланың аяқ-қолына жасалған оталар сәтті аяқталды.