Қазақстан жаңалықтары10 сәуір 2025, 13:05

Отандық сериалдарда ойнаған актер есірткімен ұсталды

Отандық сериалдарда ойнаған актер мен футболшы қазақстандықтарға есірткі сатқан, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстанның екі өңірінен есірткі сатумен айналысқан азаматтар ұсталды.

Елімізде бұрын мәдени және спорттық қызметпен айнадысқан африкадан келген актер мен футболшы ұсталды.

Шымкентте есірткі таратты деген күдік бойынша Орталық Африка азаматы қолға түсті. Оның үйінен синтетикалық өнімдер табылды. Полицияның мәліметінше, ол тыйым салынған заттарды Telegram мессенджері арқылы сатқан. Ұсталған адамның Қазақстанға 2020 жылы табыс іздеп келгені және жергілікті футбол командаларының бірінің ойыншысы болғаны анықталды.

Сонымен қатар Ақмола облысында 45 жастағы азамат ұсталды. Оны жеке тексеру кезінде 2 кг гашиш бар жол сөмкесі табылды. Бұрын ер адам қылмыстық топтың жетекшісі рөлін атқарып, отандық сериалдардың бірінде ойнаған.

Актер, есірткі

Тақырыпқа жаңалықтар