Отбасы банк 2 наурыздан бастап тұрғын үй кезегінің тәртібін өзгертеді

2026 жылғы 2 наурыздан бастап Отбасы банк тұрғын үйді тек түгендеуден өткеннен кейін ғана үлестіретін болады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы банктің сайтында ақпарат жарияланды.

Осы сәттен бастап инвентаризация тұрғын үй бөлу алдындағы алғашқы әрі міндетті қадамға айналады.

«Егер кезекте тұрған азамат түгендеуден өтпесе, оны кезектен шығармайды. Алайда ол қанша уақыт кезекте тұрса да, тұрғын үйді бөлу процесіне қатыса алмайды. Түгендеуден өтпеген жағдайда банк оған жалдамалы тұрғын үйді де, сондай-ақ 2% және 5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігін де ұсына алмайды», - делінген банк хабарламасында.

Отбасы банк Баспана ипотека Кезек
Кеше, 12:40 Қазақстан жаңалықтары
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар